10 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1393

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 29 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 644-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.